«Ұшағымызды сатамыз»: Жазира Байырбекова желіні шулатты

«Ұшағымызды сатамыз»: Жазира Байырбекова желіні шулатты
Фото: коллаж politico.kz

Әнші Жазира Байырбекова «Әгугәй» ансамблінің жеке театрын ашу мақсатында ұшағын сатылымға шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

«Театрын ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер @aguqai_ansambl-дің парақшасына тіркеліңіздер!» – деп жазды әнші.

Жазбада әуе кемесінің құны $16 млн деп көрсетілген. Өнер иесінің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып, бірі оны бөліп төлеуге сұраса, енді бірі әзіл аралас ұсынысқа қызығушылық білдірген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу