«10-ы – бала»: Алматыда 52 адам пойызда газдан уланып қалған
Алматыда темір жолда кино түсіреміз деп 52 адам уланып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға Алматы-2 темір жол вокзалында болған. Оқиға орнына 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілген.
«Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар. Барлық зардап шеккендер тексеру жүргізу және қажетті медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлмелеріне жеткізілді», - дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Тексеру нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның 2-і жансақтау бөлімшесінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде.
Қалған пациенттер тексеруден және көмек көрсетуден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
«Қазақстан темір жолы» осы жағдайға қатысты пікір білдірді
«Поездың Алматы-2 теміржол вокзалында көміртегі тотығымен улану жағдайы туралы тараған ақпаратқа байланысты ұлттық тасымалдаушының бұл оқиғаға қатысы жоқ. Улану орын алған пойыз «Жолаушылар тасымалына» емес, жеке тасымалдаушыға тиесілі. Түсірілім жүргізу үшін киностудияға вагондар берілді», - дейді компаниядағылар.
Соңғы жаңалықтар