11 адам қолдан жасалған ішімдікті ішіп, ажал құшты

15.01.2025 13:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
11 адам қолдан жасалған ішімдікті ішіп, ажал құшты
0
202
pixabay.com

Ыстамбұлда 11 адам қолдан жасалған арақты ішіп, қайтыс болды.

Жалпы 38 адам, оның ішінде 26 шетел азаматы қолдан жасалған ішімдік ішіп, Ыстамбұлдың ауруханаларына медициналық көмекке жүгінген. Ауруханаға жатқызылған 38 адамның 11-і бір тәулік ішінде қайтыс болды, - делінген мақалада.

Өзбекстан консулдығының мәліметінше, қайтыс болғандардың ішінде бес өзбекстандық бар. Олар Ақсарай ауданында қолдан жасалған ішімдікті ішкен. 

Полицейлер бұған дейін контрафактілік спиртті өндіру және таратумен айналысқан барлығы 36 күдіктіні ұстады, оның 14-і қамауға алынды. Құзырлы органдардың мәліметінше, мыңнан астам дүкен мен мекемеде жүргізілген тексеру барысында мамандар 287 тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркілеген.

Ақпарат ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий