Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейін қаза тапты

Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейін қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Ресейлік танымал рэпер әрі музыкант Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаралы хабар орындаушының Telegram-арнасында жарияланды. Оның достарының бірі таратқан мәліметке сәйкес, өнер иесі 24-інен 25 қазанға қараған түні жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қайғылы жағдайды хабарлауға мәжбүрміз. Михаил Федорович Маваши жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Әзірге ешқандай мән-жайды айтпаймыз, жағдайды анықтап жатырмыз. Барлығымыз есеңгіреп қалдық. Баршаңыздан өтініш, осы жағдайды пайдаланып артық әңгіме таратпай, хайп қумаңыздар», — делінген бейнеүндеуде.

«Известия» басылымының мәліметінше, рэпердің шын аты-жөні — Михаил Ниц. Ол 1985 жылы 29 қаңтарда Қостанай қаласында дүниеге келген. Музыкалық мансабын 2009 жылы бастап, кейінгі жылдары «ЦельРазгром» жобасы мен «МАВАШИ group» тобын құрған. Қазіргі уақытта әншінің жақындары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу