11 жастағы қыз үйінде босанып қалды: басты күдіктілер - асырап алған ата-анасы

АҚШ-тың Оклахома штатында 33 жастағы Шери Уокер мен оның 34 жастағы жұбайы Дастин Уокер 11 жастағы асыранды қызының жүктілігі мен босануына байланысты тиісті міндеттерін орындамағаны үшін тұтқындалды.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, нәресте үйде дүниеге келген және денсаулығы жақсы болған. Алайда Уокерлер қызына жүктілік кезеңінде де, босану кезінде де медициналық көмек көрсетпеген. Олар қызының денсаулығын бір жылдан астам уақыт бойы дәрігерлерге көрсетпеген.
Округ прокурорының көмекшісі Джанет Хатсонның айтуынша, жағдай туралы қамқоршылық қызметі мен өзге де органдар тек қыз босанғаннан кейін ғана, оны перзентханаға жедел жәрдеммен жеткізген кезде білген.
"Бұл — 11 жастағы қыз. Оған ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Қасында болатындай ересек адам болмаған. Бұл — нағыз трагедия. Қыз өмір бойы ұмыта алмайтындай психологиялық соққы алды", — деді Хатсон.
Оның айтуынша, Уокерлер асыранды қыздың жүктілігін білмегенін айтқанымен, прокурор өкілі бұл мәлімдемеге сенбейтінін жеткізді. Қазір қыздың өзі және үйдегі тағы бес бала арнайы органдардың қорғауына алынды.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта баланың әкесін анықтау үшін ДНҚ сараптамасының нәтижесін күтуде.
Соңғы жаңалықтар





