Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұлымды жылатып көлікке қамап кетті

08.10.2026 • 21:59 Томирис САҒЫНДЫҚ
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұлымды жылатып көлікке қамап кетті
134
Фото: видеодан скриншот

Әнші, актриса, "Таңғы студио" жүргізушісі Перизат Алпыс күйеуінің бірінші некеден туған ұлына күн көрсетпегенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Актриса бұл туралы "Әңгіме бар" подкастында әңгімеледі. 

«Үйге келген сайын тиіседі. Әйтеуір бір тиісіп қалады. Есіктің алдында тұрып, аяқ киімін киіп жатқан кезде: «Шық далаға!» — деп итеріп жібереді. Әйтеуір бір тиісіп қалады. Бір кездері баласы екеуін үнемі машинасына салып алатын. Мен: «Е, жақсы болды ғой, салып алса», — деп қуанатынмын. Бірақ машинасына отырғызған кезде, өз баласын алып кетіп, менің баламды машинаға қамап кетеді екен. Саған осында отыру керек деп, бір жерге кіріп кетеді екен. Мұны маған кейін баласы айтты. Ол: «Сенің балаңды машинаға қамап кеткен кезде, Нұрислам машинада жылап отырды», — деді. Менің бұл жағдайлардан білетінім де, білмейтінім де бар. Одан кейін, аяқ жағына қарай балам біздің үйге мүлдем келгісі келмейтін болды. Көргісі келеді, бірақ келе алмайды. Келетін болса, міндетті түрде тиіседі», — деді Перизат Алпыс.

Ары қарай ол күйеуінің ұлына тіпті қарындасын көрсеткісі келмегенін айтты. 

«Екінші рет қызымды босанайын деп жатқан кезде: «Перзентханаға балам мен анам келсін, бәрің келіңдер», — дедім. Сол кезде ол: «Жоқ, балаң келмейді, балаңды алып келмейміз. Ол келмей-ақ қойсын, ne істейді ол ол жерде?!» — деді. Мен: «Енді қарындасы ғой, перзентханадан шыққанда бәрі келсін де», — дедім. Бірақ ол бәрібір келтірмеді. Әйтеуір бала жоқ болуы керек, оның көзіне көрінбеуі керек. Сосын анама: «Анашым, келіңіздер», — дедім. Оны тыңдамай, баланы алдыртып аламын. Сол кезде ол жынданып, балаға жүйкесі тозып қарап тұрды. Кейін үйге келгеннен кейін, қарындасы ғой енді, балам қызықтап: «Көрейікші», — деп құшақтағысы келсе, ол жаққа да жолатпайды. «Ұстамайсың, кірмейсің, көрмейсің», — дейді. Балам оның көзіне жақсы түскісі келеді. «Мені жақсы көрсейші, менің осындай жақсы бала екенімді көрсейші», — дегендей болады. Өз баласына «ананы алып кел» деген кезде, менің балам бірінші болып жүгіріп әкелгісі келіп, көзіне түскісі келіп тұрады. Бірақ ол: «Мен saған әкел деген жоқпын!» — деп, өз баласының әкелгенін алады», — деді Перизат Алпыс.

Сондай-ақ, Перизат Алпыс балалардың өгей әкесін "әке" деп айтуға міндетті емес екенін алға тартты. 

«Бір күні машинада кетіп бара жатқанда, балам оны «папа» деді. Енді біз үйреттік қой: «Папа деп айт, ол сеңің папаң болады», — деп. Біз де, үлкендер де кейде топастық жасап жатамыз ғой. Негізі қажеті жоқ еді оны қинап «папа» дегізудің. Бірақ балам қиналып айтқан жоқ, керісінше: «Жағынайыншы, осы кісі менің папаң болсыншы», — деген ниетпен «папа» десе: «Ей, мені папа деп айтпа! Сенің папаң басқа, мен сенің папаң емеспін», — деп айтыпты. Сол кезде балам маған жылап келді: «Мен папа деп айтып едім, сіздер маған папа деп айт деп едіңіздер ғой, ол маған осылай деді», — деп жылады. Сосын балама әрдайым: «Сен бүгін кет, Ұзынағашқа кет бүгін», — деп айтады екен. Әйтеуір үйге келген сайын баланы жылатады. Бірде тамақты дұрыс ішпейсің деп айтады, енді бірде ана жерді дұрыс ұстамадың дейді, то ұйықтамадың деп құлағын бұрап кетеді. Шымшып кете ме, білмеймін, әйтеуір балам үйге келген сайын психологиялық соққы алып қайтады», — деді аткриса.

Войдите, чтобы оставить комментарий