12 жасар қызының ернінен сүйген ер адамның видеосына қатысты полиция тергеу бастады

12 жасар қызының ернінен сүйген ер адамның видеосына қатысты полиция тергеу бастады
Фото: shutterstock.com

Желіде ересек ер адамның жасөспірім қызды ернінен сүйіп тұрған видеосы тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Аталған жайтқа байланысты құқық қорғаушы Ләззат Рақышева құзырлы органдарға ресми шағым түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Құқық қорғаушы өз парақшасында Өскемен қаласының Полиция департаменті мен Балалар құқықтары жөніндегі уәкілге өтініш жолдағанын мәлімдеді:

 «Әкесінің 12 жасар қызын ернінен сүйіп тұрған видеосына қатысты Өскемен қалалық Полиция департаментіне және балалар омбудсменіне жүгіндім. Құзыретті органдардан осы жағдайға байланысты тексеру жүргізіп, құқықтық баға беруді және кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауын қадағалауды сұраймын», — деп жазды ол.

Аталған жайтқа Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство дерегінше, оқиға бойынша ресми тексеру басталған.

«Бұл дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар іске білім басқармасы мен жергілікті атқарушы органның қызметкерлері де тартылды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу