Астанада Есіл өзенінен тағы бір ер адамның мәйіті табылды

Астанада Есіл өзенінен тағы бір ер адамның мәйіті табылды
Фото: әлеуметтік желіден
Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Зорлықпен өлтіру белгілері әзірге анықталмаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы алғаш рет әлеуметтік желіде хабарланды. Threads қолданушысы 8 қарашада Айтматов көшесіндегі көпір астында, Kolsai тұрғын үй кешенінің жанында адам мәйіті табылғанын жазды.

«Бүгін, 26 жылғы 8 қарашада Айтматов көшесіндегі көпір астында, Kolsai тұрғын үй кешенінің жанынан мәйіт тапты. Не болғанын біліп жүрген адам бар ма?» деп жазды қолданушы.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полицейлер қаза тапқан адамның жеке басын анықтаған: ол 56 жастағы астаналық.

«Зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, қазан айының соңында Есіл өзенінен «Мадрид» тұрғын үй кешенінің қарсысынан 54 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу