13 жастағы бала жақын досын бензин құйып, өртеп жіберді

13 жастағы бала жақын досын бензин құйып, өртеп жіберді
15.08.2025 16:03
0
197
Freepik.com

Ресейдің Алтай өлкесінде 13 жастағы мектеп оқушысы досына шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы өңірлік РФ Тергеу комитеті хабарлады.

Оқиға Мартовка ауылында болған. Тергеу нұсқасына сүйенсек, балалар көршінің үйінен бензин құйылған канистра тауып алған. Сол сәтте 13 жастағы бала жеңіл тұтанғыш сұйықтықтың буларын иіскеп, оны 11 жастағы танысының үстіне құйып, от қойған.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы нақты айтылмағанымен, қолданылған бапқа сәйкес денсаулыққа ауыр зиян келтіру белгілері бар деп бағалануда.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Инцидент Барнаул» Telegram-арнасынығ дерегінше, күдікті өрт қойған сәтте жанып жатқан досына қарап, күлген. Сонымен бірге, күдіктінің анасы ата-ана міндетін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий