“13 жыл күттік“. Блогер Елдос “колобок“ сүйінші жаңалығын бөлісті

“13 жыл күттік“. Блогер Елдос “колобок“ сүйінші жаңалығын бөлісті
23.01.2025 15:24
0
80
instagram.com/eldos_kalabok

Блогер Елдос Кәдірханов туған күнінде оқырмандарын жақсы жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті. 

Блогер туған күнін Тараз қаласында атап өтті. Той үстінде қонақтармен жақсы жаңалығын бөлісті. Оның сөзінше, еліміздегі емдеу мекемесінің бірі 13 жыл бойы сәби күтіп жүрген жұпқа, ата-ана болу бақыты бұйыруы мүмкін екенін айтқан. 

"Басты жаңалығым - осы. Қанша жыл күттім осы жауапты. Аллаға сансыз шүкір! Енді тек дұғада болыңыздар. Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп тілеңіздер. Қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып, 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Аллаға шүкір!", - деп бөлісті ол. 

Оқырмандар блогердің қуанышына ізгі тілектерін жаудырды. 

"Бұйырса, сәбилі болдық деп сүйіншіліңдер!", "Алла бақтарыңды ашсын!", "Егізді болыңдар!", "Тілеулеріңді берсін", - деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, бұған дейін блогер Елдос елдегі журналистердің біріне не себепті балалы бола алмай жүргенін айтқанын жазған едік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или