14 жастағы қыз көкірегін үлкейтетін операциядан кейін көз жұмды

14 жастағы қыз көкірегін үлкейтетін операциядан кейін көз жұмды
24.09.2025 12:04
0
340
ашық дереккөз

Мексикада 14 жастағы қыз бала рұқсатсыз жасалған омырау үлкейту операциясынан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Need To Know порталы хабарлады.

Палома Николь Арельяно Эскобедо операциядан кейін бір апта өткен соң Дуранго қаласындағы ауруханада көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, өлімге тыныс алу жолдарының ауруы салдарынан пайда болған асқынулар себеп болған. Алайда әкесі Карлос Арельяно бұл пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, қызының өліміне пластикалық операция себеп болған, сондықтан ол тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Карлос операцияның өз келісімінсіз жасалғанын мәлімдеді. Айтуынша, қызының денесінде омырау импланттары мен хирургиялық тыртықтарды ол тек жерлеу кезінде байқаған.

"Өлім туралы куәлікте себеп ретінде 'ауру' деп көрсетілген, бірақ бұл шындықты жасыру әрекеті", – деді ол.

Сондай-ақ ол құжаттың тым тез дайындалғанын күмәнді деп бағалады. "Олар оны бізге бірден берді. Бұны соншалықты жылдам қалай жасағандарын түсінбеймін", – деді ол.

Өлім туралы куәлікте ми ісінуі мен тыныс алу ауруы көрсетілген.

Келесі күні Карлос ресми шағым түсірді. Оның айтуынша, қызының өлімі кездейсоқ жағдай емес, жасырылған қылмыстың салдары. Ол барлық жауапты тұлғалардың жазаға тартылуын талап етті.

Прокуратура бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий