15 жастағы мәнерлеп сырғанаушы қызды жүк көлігі басып кетті
789
15 жастағы жас спортшы, мәнерлеп сырғанаудан үміт күттірген жұлдыз Матильда Феррари жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты.
Оқиға кезінде спортшы қыз Тионе қаласына бағыт алған қоғамдық көлікті күтіп тұрған. Жолдан өту кезінде ол құрбыларымен бірге жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте жүк көлігі уақытында тоқтай алмай, соғып кеткен.
Дәрігерлер жедел жеткенімен, Матильданы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.
Матильда Феррари SGA Pinzolo спорт клубының мүшесі болатын. Ол жасына қарамастан бірқатар жетістіктерге жеткен:
- Италия кубогының финалында қола жүлдегер атанды;
- Падуяда өткен Венеция кубогында алтын медаль жеңіп алды;
- Бұған қоса, түрлі турнирлерде бірнеше рет топ жарған.
Жас спортшының қазасы Италиядағы спорт қауымдастығын терең қайғыға батырды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...