15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионатында алты рекорд орнатып бес алтын еншіледі

15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионатында алты рекорд орнатып бес алтын еншіледі
Ашық дереккөздерден

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 15 жастағы қазақстандық Снежана Кашкарова бес алтын медаль жеңіп алып, өз салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды Politico.kz.

57 келіге дейінгі салмақта бағын сынаған отандық спортшы 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде озық шықты. Тамаша дайындық көрсеткен Снежана турнир барысында бірден алты рекордты жаңартты, оның ішінде үш әлемдік және үш құрлықтық рекорд бар.

Қазақстандық ауыр атлет жұлқа көтеру жаттығуында 88 келіні бағындырса, серпе көтеруде 112 келі салмақты еңсеріп, қос сайыс қосындысы бойынша 200 келі нәтиже көрсетті. Бұл біріншілікте ел намысын қорғап жатқан Қазақстан құрамасының өзге де өкілдері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу