Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-медальмен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия параойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін марапаталды:
«Парасат» орденімен
Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
«Құрмет» орденімен
Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы
Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы
Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы
Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы
Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы
Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы.
Еске салайық, Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан болатын. Жапониядағы XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Азия параойындарында отандастарымыз 50 жүлде иеленді: 12 алтын, 16 күміс және 22 қола.
Соңғы жаңалықтар