«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел күтпеген қаралы хабарды жеткізді
Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше өнерімен көпшілікке танылған атыраулық Аслан есімді азаматтың қайтыс болғанын хабарлап, қаралы жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұм кезінде көлігінің артқы терезесіне сіріңкемен журналистің бейнесін салып, желі қолданушыларын таңғалдырған болатын. Руслан Өтепбай марқұммен өткен кездесуін еске алып, қабырғасы қайысқанын жеткізді:
«Жүректі сыздатқан қаза... Атыраулық Аслан есімді азамат көлігінің артқы терезесіне менің суретімді сіріңкемен салып, көпшілікті таңғалдырған еді. Сол кезде Асланмен жүздесіп, ерекше өнеріне тәнті болып, алғысымды айтқан болатынмын. Өкінішке қарай, кеше Асланның өмірден өткенін естіп, қатты қайғырдым. Жақында ғана күлімдеп, қол алысып тұрған азаматтың бүгін арамызда жоқ екеніне сену қиын… Адамның ғұмыры қамшының сабындай қысқа екен ғой… Асланның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқап, иманын жолдас етсін! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!» — деп жазды журналист.
Соңғы жаңалықтар