15 жыл далада қонған адамның өмірі күрт өзгерді

15 жыл далада қонған адамның өмірі күрт өзгерді
11.01.2025 16:01
0
1483
видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде қайырымды істерімен танылған кәсіпкер әрі блогер Рысбек Қалмырза 15 жыл бойы көше кезген Батырбек есімді ақсақалды киіндіріп, RIXOS қонақүйінде түнетті,  деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бейнебаянда көшеде қайыр сұрап жүрген кір-қожалақ адамды алдымен жуындырып, кейін дүкенге апарып киіндіргені көрсетілген.

«Мынандай құрметті өмірімде көрмеп едім» деп көзіне жас алған ол қайырымды жігітке алғыс айтты.

Кәсіпкердің қайырымдылық акциясы бұнымен бітіп қалмайды. «Ағаға пәтер алып берейік деп едік, ол жер үйді қалады. Жұма сайын келіп тұратын боламыз, жұмысқа тұрғанша көмектесіп тұрамын» дейді жас жігіт.

Бұл бейнебаянда кәсіпкер оған үйді сатып алып берді ме, әлде уақытша жалға алды ма, ол жағы нақтыланбаған. Қонақүйге қарағанда, бұл оқиға Астанада болғанға ұқсайды.

Желі оқырмандары да қайырымды кәсіпкерге алғыстарын жаудырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или