"150 мың теңгенің торты". Аселина Батырдың адвокаты торттың құнын айтты

10.10.2025 18:30
0
54

Астанада кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Аселина Батыр арасындағы аты шулы іс жалғасып жатыр. Бұл туралы POLITICO.KZ хабарлайды. Stan.kz ақпарат агеттігіне сілтеме жасап.

Бүгін сот отырысы алдында блогердің адвокаты Ғазиза Әмірбекова  БАҚ-ты объективтілікті сақтамағаны үшін сынға алды.

"Егер сіздер журналист болсаңыздар, журналистік этиканы, ар-намыс пен заңды білсеңіздер, объективті болыңыздар", – деді адвокат.

Ғазиза Әмірбекова әлеуметтік желілерде өзін Бишімбаевтың адвокатымен салыстырғандарға да наразы болып, мұндай әрекеттер үшін сотқа жүгінетінін де  ескертті.

"Бұл – қоғамның санасына әсер ету, манипуляция. Егер жалған ақпарат таратылса, біз сотқа береміз", – деді ол.

Әмірбекованың айтуынша, дау тудырған торттың нақты бағасы нарықта 150 мың теңге шамасында болса, оның 600 мың теңге екені дәлелденбеген.

"Бұл соманы дәлелдеу міндеті – талапкердің мойнында", – деді адвокат.

Оның айтуынша, үш түрлі кондитер аталған тортты бағалап, орташа құны 150 мың теңге екенін анықтаған. Сондай-ақ, адвокат тортқа авторлық құқық 10 маусымнан бастап Аселина Батырға тиесілі екенін айтып, кәсіпкер ретінде авторлық құқықығын ресми тіркеген.

Адвокат қарсы тараптың кейбір әрекеттері мен жазбалары сот пен қоғамды шатастырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар,  Аселинаның төлемнен бас тартпағанын, тек тікелей байланыс болмағанын айтты.

Өз кезегінде Нұршат Ақбергенова сотта торттың жалпы құны 600 мың теңге болғанын және оның құрамында 16 кг тағамдық бөлік пен 5 кг декоративті элементтер бар екенін айтты.

"Тапсырыс шілдеде түсті. Торттың дизайны ерекше болды. Мен барлық талаптарды орындадым. Ал енді еңбегімді жоққа шығарғысы келеді. Бұл әділетсіз", – деді Нұршат.

Оның айтуынша, бастапқыда тапсырыс беруші тек 100 мың теңге алдын ала төлем жасаған, ал кейін қалған соманы төлеуден бас тартқан.

"Менің еңбегіме бір апта уақыт кетті. Бірақ соңында маған тек жарнама ұсынды. Бұл — менің еңбегімді бағаламау", – деді кондитер.

Нұршат Ақбергенова блогер Аселина Батырдан қалған 500 мың теңге төлемді және моральдық зиянды өтеуді талап етіп жатыр. 

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс туғызды. Әлеуметтік желілерде пікір екіге бөлінді: бір бөлігі кондитерді қолдаса, енді бір бөлігі блогердің уәжін орынды деп санайды.

Айта кетейкі, бұған дейін блогерге 600 мың теңгеге торт жасаған кондитер одан 3 миллион теңге моральдық өтемақы талап еткен еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий