16 жылдық мерейтойын тойлаған ерлі-зайыпты сұмдық әрекетке барды

Абай облысында әйел күйеуін көсеумен ұрып, сотты болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Polisia.kz-тің мәліметінше, ерлі-зайыпты отбасылы болғандарына 16 жыл толуын тойлап отырған. Екеуі ішімдік ішкеннен кейін жанжалдаса бастаған. 36 жастағы әйел отбасылық жанжал кезінде күйеуіне дене жарақатын салады. Ол көсеумен күйеуінің басынан және денесінің басқа бөліктерінен ұрған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Сот айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ әйелдің 2 жас баласы болуына байланысты жаза шартты түрде тағайындалды. Әйел Затон ауданының пробация қызметіне тіркелді.
«Сотталған адамға жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар оған жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Ол жергілікті ЖК-нің біріне жұмысқа қабылданды» - деді аудандық қызмет бастығы Ерлан Қыдырманов.
Соңғы жаңалықтар





