17 жастағы жасөспірім 3 жасар баланы трактормен басып өлтірді

17 жастағы жасөспірім 3 жасар баланы трактормен басып өлтірді
24.06.2025 11:04
0
146
pexels.com

Әзербайжанның Лянкяран ауыр қылмыстар жөніндегі сотында үш жасар баланың қазасына себепкер болған Мұхаммед Амировке (2008 жылы туған, тегі өзгертілген) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Oxu.Az таратқан мәліметке сәйкес, сот үкімімен М.Амиров 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, үкім залында қамауға алынды.

Қайғылы оқиға Джалилабад ауданына қарасты Узунтепе ауылында орын алған. Тергеу материалдарына сай, жасөспірім өз әкесіне тиесілі тракторды жүргізіп, көршісі – үш жасар Жахид Вахабовты байқамай трактор мен тіркеменің арасынан қысып қалған. Ауыр жарақат алған бүлдіршінді дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бастапқыда айыпталушы медицина қызметкерлеріне баланың сатыдан құлап жарақаттанғаны жөнінде жалған мәлімет берген. Алайда тергеу барысында баланың трактордың астына түсіп, ауыр жарақаттан көз жұмғаны анықталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий