17 жыл құлдықта болған Құндыздың түсірілім кезінде сіреспесі ұстап қалды

17 жыл құлдықта болған Құндыздың түсірілім кезінде сіреспесі ұстап қалды
15.03.2025 09:01
0
534
видеодан алынған кадр

Блогер Ілияс Сариев 17 жыл құлдықта болған қыздардың жағдайымен танысу барысында күтпеген оқиғаға тап болды,  деп хабарлайды POLITICO.KZ turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздармен серуендеу кезінде олардың бірі – Құндыздың ауруы қайта қозып, сіреспесі ұстап қалған. Мұндай жағдайды алғаш рет көзімен көрген блогер қатты таңғалып, бұл көріністен шошып қалғанын жасырмады.

«Құндыздың күнделікті сіреспесі қайта ұстап қалды. Бірақ көпшілік бұл қыздардың ауыр жағдайын толық түсінбей жатып, оларды бөлек тұруға мәжбүрлеуді айтады. Мен қанша жерден қарындастарым деп жаным ашыса да, олардың күтімімен кәсіби түрде айналысуға дайын болмас едім», – деді блогер қыздарға қамқорлық көрсетіп жүрген жауапты кісіге.

Бұл жағдай бұрынғы құлдық құрбандарының физикалық және психологиялық тұрғыдан әлі де ауыр зардаптар шегіп жүргенін көрсетеді. Олардың толыққанды өмірге бейімделуі үшін арнайы күтім мен жан-жақты қолдау қажет.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий