20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйін өртеген

14.09.2026 11:53 Мөлдір ҚАЙНАР
20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйін өртеген
45
Фтто: podrobno.uz

Өзбекстанның Ферғана облысында 20 жастағы жігіт әжесін тонап, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін оның үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу мәліметінше, жігіт өзімен бірге құрдас танысын тартып, жалғыз тұратын әжесінің үйін тонауды алдын ала жоспарлаған. Ол әжесінің үйінде ақша сақталатынын білген. Екеуі алғаш рет үйге барғанымен, айналада адам көп болғандықтан, қылмыс жасауға мүмкіндік болмай қайтып кеткен.

Кейін олар үйге қайта келген. Сол кезде әжесі үйге кіріп, екі жігітті байқап қалған. Әйел қарсылық көрсеткенде, немересі ас үй пышағымен оған шабуыл жасаған.

Қаскөйлер үйден алтын әшекейлерді, автокөлік мониторын және шамамен 2 миллион сум ақшаны алып кеткен.

Алайда жігіт қылмыстың ізін жасыру үшін мұнымен тоқтамаған. Ол кейін жанармай бекетінен 10 литр бензин сатып алып, үйге қайта барған. Тергеу нұсқасына сәйкес, бензинді үйдің ішіне және әжесінің денесіне құйып, өрт қойған. Кейін үйден шығып, есікті құлыптап кеткен.

Сот үкімімен 20 жастағы жігіт 17 жылға, ал оның сыбайласы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот материалдарында негізгі айыпталушының бұған дейін ұрлық жасағаны үшін екі рет сотталғаны да айтылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий