Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)

Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Бүгін таңертең Атырау қаласының Авангард-2 шағын ауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас орналасқан қазандықта газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыстан кейін өрт шықпаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқыс оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желіде тарады.

«Жарылыс салдарынан қазандықтан 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезе конструкциялары мен екі жеңіл автокөлік зақымданды», - дейді құтқарушылар.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетті.

Қазіргі уақытта шұғыл қызметтер оқиға орнында жұмысты бастады. Жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу