2025 жылы 4700 шақырым жаңа автожолдар құрылысы басталады

2025 жылы 4700 шақырым жаңа автожолдар құрылысы басталады
09.01.2025 09:51
0
155
Сурет: © ИЗВЕСТИЯ/Анна Селина
Қазақстанда ірі жол жобалары іске қосылады

Қазақстанда 2025 жылы көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ірі жол құрылысы жобалары басталады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жалпы ұзындығы 4700 шақырымды құрайтын жаңа автожолдардың құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады деп күтілуде. Үкіметтің мәліметінше, бұл жобалар көлік қатынасын жеңілдетіп, елдің логистикалық әлеуетін арттырады.

2025 жылы іске асатын ірі жобалар тізімі:

  • Қызылорда – Жезқазған (208 км),
  • Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км),
  • Қарағанды – Жезқазған (572 км),
  • Сарыағаш айналма жолы (102 км),
  • Қызылорда айналма жолы (20 км),
  • Қызылорда – Сексеуіл (470 км),
  • Атырау – Доссор (86 км),
  • Рудный айналма жолы (16,9 км),
  • Жаңаөзен – Кендірлі (156 км),
  • Петропавл айналма жолы (8 км),
  • Түркістан айналма жолы (29,6 км),
  • Астана – Қостанай – Ресей шекарасы (830 км),
  • Шымкент айналма жолы (48 км),
  • Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км),
  • Атырау – Чапай (136 км),
  • Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км),
  • Алматы – Үшқоңыр (48 км),
  • Бейнеу – Сексеуіл (736 км),
  • Жайық өзені арқылы көпір (6,5 км).

Жобаларды іске асыру үшін жалпы инвестиция көлемі 9 триллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, 2025 жылы 225 жаңа теміржол вагоны сатып алынып, "Достық – Мойынты" және "Алматы айналма жолы" жобалары бойынша құрылыс аяқталмақ. Жыл соңына дейін "Достық – Бескөл" және "Мойынты – Балқаш" теміржол учаскелерінде қозғалыс ашылады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или