Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды
Фото: Istock.com

30 қазан күні Семей қаласында облыстық сот ғимаратының алдында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ер адам өзін-өзі өртеп, оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол үстіне жанармай құйып, өрт шығарған. Оқиға орнына полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жедел жеткен.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем бригадасы шақырту түскеннен кейін белгіленген уақыт ішінде оқиға орнына барғанын хабарлады. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде ер адамның қайтыс болғаны анықталған.

Оқиғаға қатысты ақпаратты Абай облысының полиция департаменті де растады.

«30 қазан күні сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам өзін-өзі өртеп, көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Әзірге марқұмның жеке басы және оқиғаға не себеп болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу