Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызметкерінің мәйіті табылды

Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызметкерінің мәйіті табылды
Фото: depositphotos.com

Көкшетау қаласында Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Halyqstan” Telegram арнасына сілтемемен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның денесі тұрғын үйдің жертөлесінен табылған. Оқиғаға қатысты алғашқы ақпаратта оның өз-өзіне қол жұмсағаны айтылды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұл – соңғы бір жарым ай ішінде Көкшетауда сот жүйесі қызметкерлерінің қаза табуына қатысты екінші жағдай. Бұған дейін, қыркүйек айының ортасында қалалық сот әкімшілігінің басшысы, 27 жастағы Аян Дүйсековтің қайтыс болғаны белгілі болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу