Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орнатуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Президенттің айтуынша, бағдарламаның орындалуын қадағалау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, комиссия құрамына салалық ведомстволардың басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіреді.
Мемлекет басшысы бұл бастаманы 28 қазандағы дәстүрлі Жолдауында көтергенін атап өтті. Оның пікірінше, бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының мақсатты әрі ашық жұмсалуын бақылау маңызды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...