2026 жылдың діни күндер күнтізбесі
2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді: Құрбан айт мамыр айында басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі хабарлады.
Бекітілген кестеге сәйкес, мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт 2026 жылы үш күнге созылады. Мерекенің бірінші күні 27 мамыр, сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Демек, мереке 27, 28 және 29 мамыр күндері аталып өтіледі.
Құрбан айт – мейірімділік, шүкіршілік және құрбандыққа дайын болудың символы саналатын, Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Бұл күндері мұсылмандар құрбандық шалып, мұқтаж жандарға көмектеседі, туған-туысты аралап, отбасы мен қоғамдағы байланысты нығайта түседі.
Құрбан айттан бөлек, ҚМДБ кестесінде басқа да маңызды діни күндер көрсетілген:
- Миғраж түні: 16 қаңтар
- Бараат түні: 2 наурыз
- Рамазан айының басталуы: 19 ақпан
- Қадір түні: 16 наурыз
- Ораза айт: 20 наурыз
- Ашура күні: 25 маусым
- Мәуліт (Пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күні): 24-25 тамыз
Сонымен қатар, Діни басқарма маңызды бір жайтты ескертті. Мерекелердің нақты күндері жаңа туған айдың көрінуіне байланысты бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...