2026 жылы Қазақстанда қандай жаңа әуежайлар мен рейстер ашылады?

02.01.2026 16:30 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
2026 жылы Қазақстанда қандай жаңа әуежайлар мен рейстер ашылады?
0
50
Фото: freedom-travel.kz

2026 жылы Қазақстанның авиация саласында ауқымды инфрақұрылымдық және маршруттық өзгерістер жоспарланып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі ірі әуежайларды жаңғырту жұмыстары басталады. Атап айтқанда, Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы қолға алынады. Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы жаңартылып, Ақтау әуежайының перроны күрделі жөндеуден өтеді.

Сонымен қатар өңірлерде де бірқатар маңызды жобалар іске асады. Атырауда жаңа әуежай терминалы салынады, Павлодар әуежайы қайта жаңғыртылады, ал Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, Арқалық әуежайын қалпына келтіру де жоспарланған.

Инфрақұрылымды жаңарту аясында әуежайларда JetA-1 авиаотын сақтау және құю жүйелері жаңғыртылып, әуе компанияларына қызмет көрсету сапасы артады.

Салтанат Томпиеваның айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін әуе компаниялары 9 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде әуе паркі 118 әуе кемесіне дейін ұлғайып, тасымал мүмкіндігі кеңейеді.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар 23 әуе бағыты бойынша субсидиялау бағдарламасы жалғасады, бұл өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыруға және туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Халықаралық бағыттар да кеңеймек. 2026 жылы жаңа рейстер ашылып, бұрын тоқтатылған бағыттар қайта жандандырылады, ал кейбір бағыттарда рейс жиілігі артады. Ұшулар Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс, Еуропа және Азия елдеріне бағытталады. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және өзге де қалаларға рейстер ашу көзделіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий