24 жастағы қыз косметологиялық процедуралардан кейін көз жұмды

24 жастағы қыз косметологиялық процедуралардан кейін көз жұмды
21.06.2025 12:30
0
168
ашық дереккөз

Бразилияда 24 жастағы бойжеткен бірнеше пластикалық операциядан кейін қайтыс болды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жергілікті полиция хирургтың әрекетін тексеруді бастады. Бұл туралы LADbible басылымы хабарлайды.

Вивиане Лира Монт есімді жас әйел Сеара штатындағы Собрал қаласында орналасқан клиникада операцияға жазылған. БАҚ дерегінше, ол хирургты интернет арқылы тапқан. Хирург бір күн ішінде оған сегіз сағатқа созылған алты косметологиялық процедура жасаған.

Операциядан кейін бар болғаны 15 сағат өткенде науқасты үйіне жіберген. Алайда отбасы мүшелері қыздың жағдайы сол сәттен бастап күрт нашарлағанын айтады. Қатты ауырсыну пайда болған соң, олар Вивианені жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Кейін ол реанимация бөлімшесіне ауыстырылды, бірақ үш апта бойы ауыр халде жатқан бойжеткен көз жұмды.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары хирургтың іс-әрекетін тергей бастады. Медициналық процедуралардың заңдылығы мен пациентке көрсетілген қызмет сапасы тексерілуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий