"3 бөлмелі пәтердің құны": Гүлзира Айдарбекова су жаңа көлігін көрсетіп, сүйінші сұрады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне су жаңа көлік сыйлады деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иесі жеке парақшасында өте қымбат тұратын көлігін көрсетті.
“Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін. Лүпіл басқан оқырмандарыма жұғысты болсын”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары көлікті қызу талқыға салды.
“Біз де Гүлзираның жолымен жүрейік”, “Қазақстанда 38 миллион теңге тұратын машина екен”, “Су сабын сатып алған ақшасы шығар”, “Ақтауда 3 бөлмелі пәтер келеді”, “Машинаны келіндеріне берсе де болады”, “Жұлдызбен араласпай, ол қымбат көлік мінбей кетті”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, продюсер ескі көлігін 25 миллионға сатқан.
“2018 жылы салоннан алғанмын. Бәрі осы көлікке құмар. Нұрекең де, балалар да күшті машина айдап жүр. Бірақ менің көлігіме құмар. Айдап кете береді. Алыс жолға осымен шығамыз. Енді Нұрекең “жаңа көлік әперем” дейді. Енді ысырап болмасын деп сүйікті көлігімді сатқым келеді. 7 жылдың ішінде бұзылмады, жолда қалдырмады. Бағасы – 25 миллион теңге деп отырмын. Қолма-қол болса саудасын келістіреміз”, – деп жазды продюсер.
Соңғы жаңалықтар





