“Төрт бірдей ағам бола тұра жалғыз қалдым”: Наташа Қалымбетова 32 жыл бұрын болған сұмдықты айтты
32 жыл бұрын өзін бірнеше еркек зорлағанын айтқан Наташа Қалымбетова ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Politico.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеп.
Бұл туралы ол журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында айтты.
“32 жыл бұрын 17 жасымда анам екеуміз жалғыз қалдық. 4 ағам бар, бәрі оқуға, жұмысқа кеткен. Ең кіші ағам 11 сынып оқып жүргенімде келу керек болған, бірақ әскерден келді де 2-3 күннен кейін Қызылордаға кетіп қалды. Осы жасқа келіп барып қана жас қызды олай ауылда ер адамсыз қалдыруға болмайтынын түсініп отырмын. Қазіргі ренішім, 4 бірдей ағам бәрін біліп отырып, сол ауылдан шығып отырып мені жалғыз тастап кеткендері. Ағам Азамат, мен өскенге дейін ұрысып жүретін. Соның жанашырлығының арқасында аяғымнан тұрдым. Азамат өмірден өткеннен кейін сол сияқты қазір ұрысатын адамым жоқ. Сол Азамат Алматыға оқуға кеткеннен кейін Оралға қайта келмей қойды. Анаммен екеуінде кикілжің болды”, — деді Наташа.
Наташа Қалымбетова сұхбат барысында зорланған сәтін еске алды.
”Дос қызым келіп “жиналып жатырмыз, отырайық, сыныптасымыздың үйіне” деді. Сол кезде үйіне бәріміз жиналдық, ойымызда ештеңе жоқ. Өз сыныптастарымыз тыныш, ұрыс-керіс деген жоқ. 10-12 қыз-жігіттер болып жиналдық. Үйімнен 40 минуттық жерде. Неге төбелесіп бермедім деген ой әлі де келеді. Ұрып-соғып, жауыздық жасайтындай мен сендерге не істедім? Не жамандық көрсеттім деген ой келеді. Оның бәрі тек ол жігіттерге емес, анама да реніш, ағаларыма да реніш, мектептегі мұғалімдеріме реніш, достарыма реніш”, — деді әйел
Сондай-ақ, ол анасынан да қорлық көргенін ашық айтты.
”17 жасыма дейін анамнан өте қатты қорқып жүрдім. 13 жасымда етеккір келген кезде мен өте қатты ұрған. Сол кезде 13 жасымда сынып қалдым, анаммен сөйлесуді қойдым. Анамның көзқарасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жасыл түсті калготкиім болған. Киімдерімнің арасына жәшікке салып тастағанмын. Баламын ойнап жүрген, оны жумай салып тастағанмын. Анамның тазалыққа деген ауруы болатын. Жасыл калготкиімді көріп, шашымнан сүйреп, кілем қағатынмен өлгенше ұрды. Не үшін ұрғанын білмеймін, “мынау не” деп сұрады да, “білмеймін” деген кезде ғана тоқтады. Содан кейін әрине қыз бала тоқтап қалады”, — деді Наташа Қалымбетова.
Соңғы жаңалықтар