“40 келіге арықтадым”: Дархан Мұсаев денсаулығы туралы мәлімдеме жасады

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі сторисінде шығармашылық жұмыспен айналысып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ол студияда ән жазып, киноның сценарийін қарап, алдағы күндердің жоспарын талқылап отырғандарын айтты.
«Тап қазір студияда ән жазып, киноның сценарийін қарап, алдағы күндердің жоспарын жоспарлап отырмыз», – деп жазды актер өз жазбасында.
Бұған қоса, Дархан Мұсаев біраз уақыттан бері желіде көрінбей кеткенін айтып, жағдайының жақсы екенін жеткізді.
«Мені жоқ боп кетті деп уайымдап жатқан ағайын, Аллаға шүкір менде бәрі жақсы. Өмірден қателесіп сүрінсең де ешқандай құлауға хақың жоқ балам деген әкемнің бір ауыз сөзі маған қанат беріп жігерлендірді. Әкемнің сол сөзінен кейін бірден өзімді қолға алып спортпен шұғылданып бастадым. Сол күннен бастап бүгінгі таңға дейін 3 ай уақыт өтіпті. Сол уақыт аралықтарында 130 кг-ден 90 кг-ге түсіппін. Тағы да бір өзіме ұғынғаным ешбір жеңіс еңбексіз келмейтініне көзім жетті. Құлау оңай, тұру қиын екен!», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар




