40 жылдан кейінгі өкініш: Айгүл Иманбаева жүрегіндегі қай құпиясын ақтарды?
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева анасы жайында жан сырын ақтарып, жылап қалған видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі ата-ананың мәңгі қасында болмайтынын әкесі өмірден өткен кезде ғана терең түсінгенін айтты. Сол уақытта Англияда білім алып жүрген ол елге келген бетте анасын құшақтап, егіле жылаған сәтін еске алды.
«Мен ата-ананың мәңгі қасымда жүрмейтінін әкем өмірден өткенде сезіндім. Үйге келгенде анамды бас салып құшақтап, жылағаным есімде: “Тәте, мен сені жоғалтуға дайын емеспін. Өлімді қабылдау керек екенін білемін. Бірақ ешкім әке-шешесін жоғалтуға дайын емес. Сен кетпеші, жүре тұршы” деп жыладым», — деді әнші.
Сондай-ақ өнерпаз әкесімен 40 жыл бойы араласпай, кейін қайта табысқаннан кейін одан айырылып қалу жанына өте ауыр тигенін жеткізді. Ол ата-ананы, әсіресе ананы жоғалту бала жүрегі үшін орны толмас үлкен қасірет екенін ашық айтты.
Әншінің бұл шынайы сыры желі оқырмандарын бейжай қалдырмай, көпшілік қаралы күндер мен жақындардың қадірі туралы өз ойларымен бөлісіп, қолдау білдіріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар