“44 градус ыстық”: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

12.05.2025 • 14:08 Admin
“44 градус ыстық”: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы белгілі болды
464
Фото: freepik.com

Қазақстанда 44 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қазгидромет 13-15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде+35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында +30…+35°С-қа дейін аптап ыстық болады.

Алайда батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде тіпті қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий