Ақмола облысында жер бөлу кезінде жалған анықтама берген әкім жауапқа тартылды

09.10.2026 • 20:20 Қарақат АСЫЛОВА
Ақмола облысында жер бөлу кезінде жалған анықтама берген әкім жауапқа тартылды
247
Ашық дереккөз

Ақмола облысында Үлгі ауылдық округінің әкімі кәсіпкердің құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады. «Zere Agro Holding» ЖШС Біржан сал ауданында мал бордақылау алаңын салуды жоспарлаған. Құны 600 миллион теңге болатын жоба аясында 10 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Алайда компания жер телімін алу кезінде кедергілерге тап болған.

Прокуратура тексерісі барысында жер конкурсына қатысушылардың біріне әкімнің тұрғылықты жері туралы анықтама бергені анықталды. Құжаттағы мәліметтер мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмеген.

Осы анықтаманың негізінде жер комиссиясы қатысушылардың біріне негізсіз қосымша ұпай берген. Бұл конкурс нәтижесіне әсер етіп, инвестордың құқығының бұзылуына әкелген.

Прокуратураның араласуынан кейін әкім Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды. Сот конкурс қорытындысының күшін жойды.

Қазіргі уақытта компанияға жер телімін беру мәселесі аудан прокуратурасының бақылауында қалып отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий