«Луганскіге бара жатқанда ойланбады ма?»: Блогер соғыс аймағына жұмысқа барған қазақстандықтарды сынға алды

09.10.2026 • 22:15 Қарақат АСЫЛОВА
«Луганскіге бара жатқанда ойланбады ма?»: Блогер соғыс аймағына жұмысқа барған қазақстандықтарды сынға алды
362
Фото: Азаттық Азия

Қазақстандық блогер Азамат Сәрсенбаев Украинадағы соғыс аймағында жүрген отандастарымыздың жағдайына қатысты пікір айтып, олардың жұмысқа алдану арқылы майданға жіберілгені туралы мәлімдемелерге күмән келтірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогердің сөзінше, егер адамға Мәскеу немесе Қазан қалаларынан жұмыс ұсынылып, кейін оны күштеп соғысқа жіберсе, бұл – бір жағдай. Ал бірнеше жылдан бері соғыс жүріп жатқан Луганск немесе Донецк қалаларына жұмыс істеуге саналы түрде келісу – мүлде басқа мәселе.

Сәрсенбаевтың пікірінше, мұндай жағдайда адамдар ұсынылған жұмыстың сипаты мен оның ықтимал қауіптері туралы алдын ала ойлануы керек еді.

Ол қазақстандықтар жоғары жалақыға қызығып, өздері білмейтін тәуекелге барған болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Алайда блогер отандастарымыз соғысқа өз еркімен қатысуға келісті деп кесіп айтпайтынын атап өтті.

«Егер адамдарды шынымен қару ұстауға мәжбүрлеген болса, бұл жағдай міндетті түрде тергелуі керек», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасында шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға заңсыз қатысу және жалдамалылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий