«500 доллар берем»: Әлеуметтік желіде Димаш Әділеттің басы дауға қалды

29.04.2026 18:30 Қарақат АСЫЛОВА
«500 доллар берем»: Әлеуметтік желіде Димаш Әділеттің басы дауға қалды
182
Коллаж: Politico.kz
Танымал блогердің атынан уәде етілген сыйақы дау тудырды

Әлеуметтік желіде бірнеше жыл бұрын Димаш Әділетпен болған оқиға қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қолданушы 2019 жылы танымал кәсіпкер әрі блогер Димаш Әділет атынан ұйымдастырылған байқауға қатысып, 500 доллар ұтып алдым деп ойлағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, байқау нәтижесінде өзін жеңімпаз ретінде белгілеп, құттықтап, тіпті жеке хабарлама арқылы байланысқа шыққан. Хабарламада сыйақыны жеке табыстайтыны айтылып, кейін «арнайы адам арқылы жеткізіледі» деп уәде берілген.

Алайда уақыт өте келе уәде етілген қаржы иесіне жетпеген. Қолданушы:

«Ақшам қолымда болады деп ойладым, бірақ соңында түксіз қалдым» деп жазды.

Оның үстіне, кейін жіберілген хабарламалар жауапсыз қалған. Аталған жағдай желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі мұны алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін десе, енді бірі танымал тұлғалардың атын жамылған жалған парақшалар көбейгенін алға тартуда.

Айта кетейік, Димаш Әділет (Дінмұхамед Сұлтанбеков) – Қазақстандағы танымал кәсіпкер, инвестор және блогер. Блогер сән-салтанатқа толы өмір салтымен және шетелде алған білімімен белгілі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий