52 саяси тұтқын бостандыққа шықты

52 саяси тұтқын бостандыққа шықты
11.09.2025 23:02
0
57
Фото: t.me/tsikhanouskaya

Беларусь билігі 52 саяси тұтқынды босатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамптың көмекшісінің орынбасары Джон Коул бастаған делегация Минскідегі келіссөздерден кейін Вильнюске бет алды.

«Әртүрлі елдердің азаматтығы бар 52 тұтқын босатылды», – деді елшілік өкілі Reuters агенттігіне.

Беларусь басшысы Александр Лукашенконың баспасөз қызметі барлығы 14 шетел азаматы кешірімге ілінгенін хабарлады: олардың алтауы – Литва, екеуі – Латвия, екеуі – Польша, екеуі – Германия, біреуі – Франция және тағы біреуі – Ұлыбритания азаматы.

Бостандыққа шыққандардың ішінде 2020 жылы 14 жылға сотталған Николай Статкевич пен «Беларусь» шипажайының маркетинг бөлімінің басшысы, Литва азаматы Алена Романаускене бар. Ол «тыңшылық жасады» деген айыппен 6 жылға сотталған еді.

DW дереккөзіне сүйенсек, сондай-ақ философ Владимир Мацкевич пен блогер, анархистік қозғалыс белсендісі Николай Дедок та бостандыққа шыққан.

Гитанас Науседа: «Бұл санкцияларды алып тастауға немесе жұмсартуға айырбас емес», – деп мәлімдеді.

Ал Джон Коул Лукашенкомен бес сағатқа созылған кездесуде АҚШ «Белавиа» әуе компаниясына салынған санкцияларды алып тастағанын жеткізді.

Бұған дейін АҚШ президенті Александр Лукашенконы тұтқындарды босатуға шақырып, оларды «құрбан болғандар» деп атаған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий