“57 ардагер ғана қалды”: Қазақстанда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 57 ғана ардагері қалды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.
Биыл Жеңістің 81 жылдығына орай олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, мереке қарсаңында ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтарға жергілікті бюджет есебінен біржолғы материалдық көмек көрсетілген. Соғыс ардагерлеріне барлық өңірде бірдей көлемде — 5 миллион теңгеден берілді. Ал басқа санаттағы азаматтарға төленетін сома аймақ бюджетінің мүмкіндігіне қарай анықталған.
Соңғы бес жылда Қазақстандағы соғыс ардагерлерінің саны шамамен жеті есеге азайған. Мәселен, 2022 жылдың 1 мамырында елде 381 ардагер болса, биыл олардың саны небәрі 57 адамға жеткен.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен 31 349 тыл еңбеккері тұрады. Мемлекет оларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар