6 жігіт адам өлтіріп, мәйітін аурухана алдына тастаған

03.06.2025 15:19 Admin Admin
6 жігіт адам өлтіріп, мәйітін аурухана алдына тастаған
0
573
Фото: freepik.com

Өскеменде жастар төбелесіп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қылмыскерлер мәйітті Өскемендегі аурухананың алдына әкеліп тастаған. 

Өскеменде жанжал шығып, бірнеше адам жас жігітті аяусыз соққыға жықты. Олар оқиғадан соң марқұмның денесін Абай даңғылындағы аурухананың алдына тастап кеткен.

Қазір оқиғаға қатысы бар үш азамат ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кісі өлтіру фактісін растады.

«Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жанжалға қатысушыларды анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий