«7-20-25» бағдарламасымен бес мың ипотека займы беріледі – Құрылыс министрі
652
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй займдарына көзделген қаражатқа қатысты түсінік берді.
Сондай-ақ, министр «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық займ берілетінін айтты.«Жылдық 2 және 5% мөлшердегі жеңілдікпен тұрғын үй ипотекасына 7 мыңға жуық займ беруге 81 млрд теңге бөлінді. Ал «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9%-бен 150 млрд теңге сомасына 8 мың қарыз беру көзделіп отыр», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында сауалға жауап бере отырып.
«Осылайша биыл тұрғын үй құрылысын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл 64 мың азаматтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды ведомство басшысы.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр
25.09.2026
00:58
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
25.09.2026
00:28
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан...
24.09.2026
23:27
Балалар үйінің тәрбиеленушісін қорқытып, ақшасы...
24.09.2026
23:21
Шалқардағы қанды төбелес: ауылдасын өлтірген ст...
24.09.2026
22:47
Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың ...