"7 баланың анасын күйеуі терезеден лақтырып өлтірді": Балалардың тағдыры туралы не белгілі?

30.05.2025 15:09
0
857
Фото: Видеодан кадр

Шымкенте 42 жастағы 7 баланың анасы көпқабатты үйдің ауласынан табылды. Туыстары оған күйеуі зәбір көрсетіп, өлтірді деп күдіктенді. Көп ұзамай ер адам қолға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Журналист Гүлмира Әбіқай жан-жаққа тарап кеткен 7 баланың басын қосып, халықтың қаражатына үй алып берді. Олардың қазіргі жағдайы туралы да журналист хабардар етті.

 

"7 баланың халі қалай? Директке көп келетін сауалдың бірі осы. Шымкенттегі  анасыз қалған 7 баламен өзім күнара сөйлескенімен  жаңалығын сіздермен бөліспегелі көп болды. Балалардың бәрі сол барша оқырманым жиылып әперген 3  бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Қос әпкесін өмір тез есейтті.  5 бауырдың қамымен біреуі жұмыс істеп, бірі үйге, балаларға қарап тірлік кешуде. 3 бала мектепті жақсы тәмамдады. Алғыс хат алыпты. Кішкентай Бакалек пен Жанека ойнағандарына мәз. Сырт  көзге бәрі бұрынғыдай, ұйып отырған бауырмал отбасы. Айтпақшы, өз әйелін ұрып-соғып терезеден лақтырды деп күдікке ілінген 7 баланың әкесіне қатысты сот кеше басталды. Сотталсын деп ешкімге тілемеуші ем, амал нешік?!”, - деп жазды журналист. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий