74 жастағы әжей парапланмен ұшып желіні таңғалдырды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде парапланмен тау үстінде ұшқан жетпістен асқан ананың бейнебаяны қызу талқылануда. "Instagram" желісіндегі alma.janalina есімді қолданушы өзінің 74 жастағы анасының биік таулардың үстінен еш қорқынышсыз көкке көтерілген сәтін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Түсірілген бейнебаяннан егде жастағы ананың ешқандай үрейсіз ұшып бара жатқанын байқауға болады.
"Анашым 74 жаста, ал істеп жүргені мынау, не дейсіздер, ал?!", – деп жазылған бейнеде.
Ол қобалжудың орнына өте көңілді күйде ән айтып қалықтап жүр. Бұл ерекше көрініс оқырмандардың үлкен таңданысын тудырды.
Желі қолданушылары ақ жаулықты ананың батылдығына сүйсініп жатыр. Олар бейнебаян астында өздерінің ақ тілектерін қалдырып, жағымды пікірлерін білдіруде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...
02.11.2026
16:22
Тоқаевтың ұсынысынан кейін Кремль үн қатты: Рес...
02.11.2026
16:18
Қазақстанда жол саласындағы заңбұзушылықтардан ...