80 жастағы кейуананы зорлап өлтірген 65 жастағы ер адам ұсталды
1042
Астана қаласында осыдан тоғыз жыл бұрын, яғни 2016 жылы жасалған аса ауыр қылмыс ашылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2016 жылы өз үйінде 80 жастағы әйел кісі қолыннан қаза тапты. Қылмыскер ішке кіріп, зейнеткерді қорлап, қылмыстың ізін жойғысы келіп, оны қатты ұрып, өлтіріп, қашып кеткен.
Оқиға орнында криминалистер елеусіз байқалатын биологиялық іздерді алып, олардан ДНҚ-кодты бөліп алды.
Арада тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмаған, ал қандықол жасырынып жүрген. Күні бүгінге дейін қолға түспей келген.
«ІІМ молекулалық-генетикалық зертханасы мен ДНҚ базасының жаңа технологиялары арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша, 65 жастағы күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Ол қылмысты мойындағанын айтты», - деп атап өтті ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің мамандары.
Қазіргі заманғы криминалистік әдістер ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаннан біраз уақыт кейін де оларды ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл жағдай жазадан ешкім құтыла алмайтынын дәлелдейді.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
17:26
ҰҚК Тілек Махуовқа қатысты тергеуді растады
10.07.2026
17:07
Астанада мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
10.07.2026
16:43
Мейірман Шекеев «Барлық заңды оқыдым» деген Аша...
10.07.2026
16:36
Құрылтай депутаттары кандидаттарының толық тізімі
10.07.2026
16:20
Ақмола облысында отбасын балталап өлтірген ер а...
10.07.2026
15:26
Санжар Боқаевтың қамау мерзімі үшінші рет ұзарт...