82 жастағы қария 13 жастағы туған немересін зорлап келген

Италияның Лечче қаласында 82 жастағы ер адамға 13 жастағы немересінің жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасады деген айып тағылды. Бұл туралы Today.it басылымы хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, қария қыз немересі отбасымен Германиядан қонаққа келген кезде оған бірнеше рет заңға қайшы әрекет жасаған. Куәліктер бойынша, ол бірдей тәсілді қолданған: пикап көлігін жууға баратынын айтып, немересін өзімен бірге алып кеткен. Қала сыртында ол қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған.
Зардап шеккен қыздың айтуынша, оның туған күні күні де осындай жағдай орын алған. Бір сапарда көлікте немересінің кішкентай інісі де болған, бірақ бұл жайт күдіктіні тоқтатпаған.
Тамыз айының соңында жасөспірім барлығын анасына айтып берген. Әйел полицияға ресми арыз жазған.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар





