9 мамыр күні теракт жасамақ болған әйел ұсталды

9 мамыр күні теракт жасамақ болған әйел ұсталды
02.05.2025 12:54
0
710
видеодан алынған кадр

Дағыстан Республикасында теракттің жолы кесілді,  деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

SHOT Telegram арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Хасавюрт ауданында 28 жастағы Ресей азаматшасын ұстады. Ол тыйым салынған халықаралық террористік ұйымның жақтасы болып шықты.

ФСБ мәліметінше, әйел адам 9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай Хасавюрт қаласындағы құқық қорғау органдары ғимаратының жанында қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны (СЖҚ) іске қосуды жоспарлаған.

Ұсталған азаматшаның үстінен жарылғыш құрылғыны құрастыруға арналған құрамдас бөлшектер тәркіленді. Сондай-ақ оның ұялы телефонынан тыйым салынған террористік ұйым өкілімен жазысқан хат алмасуы анықталған. Онда терактті жоспарлау және ұйымға ант беру рәсімі туралы мәліметтер бар.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары елдегі қауіпсіздік деңгейін сақтау үшін терроризмге қарсы күресті күшейтіп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий