9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

Санкт-Петербургте 9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды. Ол осы уақыт бойы Ленинград облысында құрбысының үйінде жасырынып жүрген. Бұл жылдар ішінде ол отбасын құрып, екі бала дүниеге әкелген.
Виктория Конецкая 2016 жылдың желтоқсанында балалар ауруханасынан қашып кеткен болатын. Ол кезде жоспарлы операцияға дайындалып жатқан. Қыз әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, барлық құжаттары мен жеке заттарын ауруханада қалдырған. Тек палаталас көршісінің күртесін алып шыққан. Анасынан хабар болмаған соң, ол полицияға арызданды, ал құқық қорғау органдары «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу аясында 450-ден астам куәгерден жауап алынып, кейбірі Викаға туған күнімен құттықтамағаны үшін туыстарына ренжігенін айтқан. Іс 84 томнан асты. Іздеу жұмыстарына водолаздар да тартылып, 15-тен астам арнайы іс-шара өткізілді.
Қыз кездейсоқ жағдайда табылды: 2 маусымда оны Сестрорецктегі бейнебақылау камералары тіркеген. Полиция оның мекенжайын анықтап, Криминалистика басқармасына шақырды. Тергеу барысында Виктория ауруханадан өз еркімен кеткенін, ата-анасымен келіспей қалғанын айтқан. Кейін Всеволожскіде құрбысының үйінде тығылып, сыртқа мүлде шықпаған. Себебі, өзін іздеп жүргенін білген. Кейін бір ер азаматпен танысып, Сестрорецке көшіп, сол жерде екі баланы үйде босанған. Дәрігерлерге де, мемлекеттік органдарға да жүгінбеген.
Қыздың айтуынша, бұл жылдар ішінде оған ешкім құқықбұзушылық әрекет жасамаған. Қазір оның жасы 24-те, және ол отбасымен байланыс орнатқысы келмейді.
Соңғы жаңалықтар





