«95 млн теңге қарызға кірген»: Сазгер Арман Дүйсенов ұлының өзіне қол жұмсағаны расталды

«95 млн теңге қарызға кірген»: Сазгер Арман Дүйсенов ұлының өзіне қол жұмсағаны расталды
01.03.2025 18:00
0
26

Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі туралы жаңа ақпарат шықты.

Orda.kz сайты Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі жайлы жазды.

2024 жылдың 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған. Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.

Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Қайғылы оқиғадан бұрын оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан. Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан. Іс бойынша үш сараптама жүргізілген. Олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий