Қаңтар оқиғаларына байланысты сотталған 1500-ден аса адамға рақымшылық жасалмақ
642
Бас прокуратура "Рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта тергеуде жүргендер немесе сотталғандар арасында 1 520 адам рақымшылыққа ілінеді, олардың ішінде:
- «қаңтардағы оқиғалар» бойынша іс жүргізуде 391 қылмыстық іс бар (рақымшылық жасауға жататындар), олардың 383-і күдікті, айыпталушы болып өтуде.
- соттың іс жүргізуінде 102 адамға қатысты 36 іс бар.
Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан толық босату ұсынылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Заң жобасының күші мемлекетке опасыздық жасауға байланысты қылмыстар жасаған; жаппай тәртіпсіздіктерді, сыбайлас жемқорлық қылмысты, террористік қылмысты, экстремистік қылмысты, азаптауды ұйымдастырған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.
Заң жобасын әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы негіз болды, онда қаңтардағы оқиғаларға қатысушыларға қатысты бір реттік амнистия өткізу тапсырылған.
Құжат 14 қазанға дейін Ашық НҚА сайтына қоғамдық талқы үшін орналастырылған.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
14:58
Ленгірде белгісіз біреулер әйелдің үйіне басып ...
24.08.2026
14:35
Аша Матай мен Тамара Асар депутат бола алмады
24.08.2026
14:15
Қазақстандағы ең бай әйелдің жеке мектебі қанша...
24.08.2026
13:45
Путин Тоқаевты Әділет партиясының жеңісімен құт...
24.08.2026
13:07
Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демал...
24.08.2026
13:05
Алматыда тұрғын үй кешенінде алапат өрт болды: ...