Ақтауда 100 жас маман «Жас басқарушылар» мектебін бітірді

22.11.2023
18:08
0
128
Ақтауда аудан, қаладан келген 100 жас маман «Жас басқарушылар» мектебін бітірді. Мұғалімдерді құттықтауға Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова келіп, алғыс хат пен сертификат табыстады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың беріп жатқан барлық мүмкіндігі, білім саласындағы талабы, «Педагог мәртебесі» туралы заң шыққаннан кейінгі қолдауы, осының барлығы жас педагогтер үшін жасалып жатыр. Осы екі айға созылған оқыту жас мамандардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Енді алған біліміңізді жаңа энергиямен жетістік жолына жұмсауға тілектеспін. Қызмет ету үшін сіздерде жанып тұрған энергия, мықты идея, нақты мақсат пен жоспар болуы керек. Заман талабына сай педагог үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Сондықтан Жаңа Қазақстанның жаңа педагогы болу жолында түрлі жобаларға қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін», — деді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.
Салтанатты шара барысында оқытуға қатысқан барлық жас маманға сертификат берілді. Ал белсенділігімен көзге түсіп, үздік атанған 10 жас маманға Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның алғыс хаты табысталды.
Содан соң шара жас мамандардың концерттің бағдарламасымен жалғасты.
Еске салайық, екі айға созылған оқытуда жас мамандарға Астана, Алматыдан келген және жергілікті жердің білікті тренерлері білім берді. Олар «Көшбасшы имиджі», «Грант. Жоба. Конкурс», «Қаржылық менеджмент», «Жобалық басқару», «Жеке бренд. СММ» тақырыптарын тереңінен түсініп, пайдалы ақпараттар алды. Соның нәтижесінде жас мамандар жоба жасақтап, жеке брендін дамытуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар жас мамандардың дағдысын арттыру мақсатында алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері мен төтенше жағдайдың алдын алу бойынша мәліметтер түсіндірілді. Yessenov University-нің академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті, э.ғ.к., РФ компьютерлік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Қайырбек Макуловпен TED форматында кездесу ұйымдастырылды.
«Жас басқарушылар» мектебі «Жас маман» жобасы аясында өтті. Жоба Маңғыстау облыстық білім басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе өткізілді.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.09.2025
01:00
Дөнерхана Темірлан Анарбековке ерекше сыйлық жа...

02.09.2025
23:14
Блогер 11 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсет...

02.09.2025
22:02
"15 жыл үйсіз": Дариға Бадықова отбасындағы жағ...

02.09.2025
21:01
БҚО-да 25 жылдан кейін анасы жоғалған қызымен т...

02.09.2025
20:01
"Қорқынышты әрі қиын еді...": Жұлдыз Әбдікәрімо...

02.09.2025
19:17
Саяси белсенді Тимур Данебаев бостандыққа шықты